Қазақ әдебиеті · ҰБТ сұрағы №15215

Мына жолдардағы қайталау қандай стилистикалық фигураға жатады? Жаз өтті – көңіл жұбанбай, Күз өтті – көңіл жұбанбай, Қыс өтті – көңіл жұбанбай.

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Эпифора

Бірдей тіркес («көңіл жұбанбай») әр тармақтың соңында қайталанған – бұл эпифора. Анафорада қайталау жолдың басында болады.

«Көркем шығарма үзіндісімен жұмыс» тақырыбынан тағы