ҰБТ балл есептеу · калькулятор 2027
Әр пәннен дұрыс жауап санын енгізіңіз — калькулятор ресми бағалау ережесімен жалпы балды 140 балдық шкала бойынша шығарады.
ҰБТ балы қалай құралады
ҰБТ 120 тапсырмадан тұрады, ең жоғары балл — 140, уақыты — 240 минут. Міндетті үш пәннің әр тапсырмасы 1 балл береді. Бейіндік әр пәнде 40 тапсырма бар: оның 30-ы 1 балдық, ал сәйкестендіру мен бірнеше жауапты 10 тапсырма 2 балдық, сондықтан бір бейіндік пән 50 балл береді.
2 балдық тапсырмалардың ережесі
| Жауап | Балл |
|---|---|
| Толық дұрыс | 2 |
| Дәл бір қате (бір сәйкестік қате немесе бір нұсқа артық/кем) | 1 |
| Екі не одан көп қате немесе жауап жоқ | 0 |
Пән құрылымы толық сипатталған ҰБТ 2027 спецификациясы бетінде, ал бейіндік пән комбинациялары — бейіндік пәндер жұптары бетінде. Әр пәннен дайындықты тегін тренажерде бастауға болады.
Жиі қойылатын сұрақтар
ҰБТ-да балл қалай есептеледі?
Бір дұрыс жауапты және контекстік тапсырмалар 1 балл береді. Сәйкестендіру мен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тапсырмалар 2 балдық: толық дұрыс болса 2 балл, бір ғана қате болса 1 балл, екі не одан көп қате болса 0 балл.
Неге бейіндік пәнде 40 тапсырма 50 балл береді?
Бейіндік пәннің 30 тапсырмасы 1 балдық, ал 10 тапсырмасы (5 сәйкестендіру және 5 бірнеше жауапты) 2 балдық. 30 + 10 × 2 = 50 балл.
Калькулятор нәтижесі ресми бола ма?
Жоқ. Калькулятор ресми бағалау ережесімен есептейді, бірақ ресми нәтижені тек Ұлттық тестілеу орталығы береді. Нақты деңгейіңізді білу үшін толық пробный тест тапсырған дұрыс.
Бос қалдырылған жауапқа балл бериле ме?
Жоқ. Жауап берілмеген тапсырма 0 балл алады; 2 балдық тапсырмалардағы «бір қате — 1 балл» ережесі тек жауап берілгенде қолданылады.