ҰБТ бейіндік пәндер жұптары · 2027
Міндетті үш пәннен кейін әр талапкер екі бейіндік пән тапсырады. Төменде платформадағы пробный тестте қолжетімді 11 комбинация және бейіндік пәннің толық құрылымы.
- 01МатематикаФизика
- 02МатематикаИнформатика
- 03МатематикаГеография
- 04БиологияХимия
- 05БиологияГеография
- 06Ағылшын тіліДүниежүзі тарихы
- 07ГеографияАғылшын тілі
- 08Дүниежүзі тарихыҚұқық негіздері
- 09Дүниежүзі тарихыГеография
- 10Қазақ тіліҚазақ әдебиеті
- 11ХимияФизика
Бір бейіндік пәннің құрылымы
Әр бейіндік пән 40 тапсырмадан тұрады және ең көбі 50 балл береді. Тапсырма түрлері мен балдары:
| Тапсырма түрі | Саны | Әрқайсысы | Барлығы |
|---|---|---|---|
| Бір дұрыс жауапты | 25 | 1 балл | 25 |
| Контекстік (мәтін, кесте, сурет негізінде) | 5 | 1 балл | 5 |
| Сәйкестендіру | 5 | 2 балл | 10 |
| Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты | 5 | 2 балл | 10 |
| Барлығы | 40 | 50 |
2 балдық тапсырмада толық дұрыс жауап — 2 балл, дәл бір қате — 1 балл, екі не одан көп қате — 0 балл. Жалпы балыңды ҰБТ балл калькуляторымен есептей аласыз, ал барлық пәннің құрылымы — ҰБТ 2027 спецификациясында.
Жұпты таңдағанда
Бейіндік пәндер жұбы түсетін білім беру бағдарламасына байланысты. Мамандыққа қойылатын талаптарды ресми көздерден (testcenter.kz, ЖОО сайты) міндетті түрде тексеріңіз. Таңдаған екі пәніңізден дайындықты әр пәннің тегін тренажерінен бастап, кейін екеуін бірге толық пробный тестте тексеріңіз.
Таңдаған жұбыммен пробный тапсыру