Құқық негіздері · ҰБТ сұрағы №15436

(1) Заң шығарушы орган актісімен белгілі санаттағы адамдар қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылды. (2) Мемлекет басшысы нақты бір сотталғанның жазасын жеңілдетті. Бұл институттар қалай аталады?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 1 — амнистия, 2 — кешірім жасау

Амнистия жалпы сипатта, адамдардың белгісіз тобына қатысты; кешірім жасау — нақты бір адамға қатысты жеке акт.

«Қылмыстық құқық жүйесі» тақырыбынан тағы