Қазақстан тарихы · ҰБТ сұрағы №16241
Қаныш Сәтбаев 1899 жылы Баянауыл өңірінде туған. 1926 жылы Томск технологиялық институтын бітірді. Жезқазған мыс кенін зерттеуге зор үлес қосты. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылғанда оның тұңғыш президенті болды. 1964 жылы қайтыс болды.

Мәтіндегі ғалымның есімімен аталатын техникалық университет қай қалада орналасқан?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Алматы

Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Алматыда орналасқан.

«Тарихи тұлғалар» тақырыбынан тағы