Қазақстан тарихы · ҰБТ сұрағы №16216
1916 жылы 25 маусымда Ресей императоры Николай II жарлық шығарды. Оған сәйкес қазақ, қырғыз және Орта Азия халықтарының 19 бен 43 жас аралығындағы ер адамдары майдан сызығының артындағы қорғаныс құрылыстары мен жол жұмыстарына алынуға тиіс болды. Бұған дейін бұл халықтардың ерлері әскери міндеткерліктен босатылған еді. Жарлық Жетісуда, Торғай даласында және Сырдария облысында халық наразылығына ұласып, қарулы көтеріліске айналды. Торғай өңірінде көтерілісшілер Әбдіғапар Жанбосыновты хан сайлап, қолбасшылыққа Амангелді Имановты тағайындады.

Мәтіннен шығатын қорытындылардың қайсысы қате?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Көтеріліс тек Жетісу өңірімен шектеліп, Торғайға таралмаған

Мәтінде көтеріліс Жетісумен қатар Торғай даласы мен Сырдария облысын қамтығаны айтылған.

«Құжаттағы тарих» тақырыбынан тағы