Қазақ әдебиеті · ҰБТ сұрағы №15349

Тұлғаны оның басты қызметімен сәйкестендіріңіз.

  1. Шоқан Уәлиханов
  2. Ыбырай Алтынсарин
  3. Абай Құнанбаев
  4. Махамбет Өтемісұлы
  • A) Ақын-ойшыл
  • B) Күйші-композитор
  • C) Ғалым-саяхатшы
  • D) Педагог-ағартушы
  • E) Жырау-кеңесші
  • F) Ақын-батыр
Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: Шоқан Уәлиханов — Ғалым-саяхатшы; Ыбырай Алтынсарин — Педагог-ағартушы; Абай Құнанбаев — Ақын-ойшыл; Махамбет Өтемісұлы — Ақын-батыр

Шоқан – ғалым-саяхатшы, Ыбырай – педагог-ағартушы, Абай – ақын-ойшыл, Махамбет – көтеріліс басшысы Исатайдың серігі, ақын-батыр.

«ХІХ ғасыр әдебиеті» тақырыбынан тағы