Химия · ҰБТ сұрағы №14288

HF, HCl, HBr, HI қосылыстарының қайнау температурасы өсу ретімен қай қатарда дұрыс берілген?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: HCl < HBr < HI < HF

HCl → HBr → HI қатарында молекулалық масса өсіп, Ван-дер-Ваальс күштері артады; HF-те сутектік байланыс болғандықтан қайнау температурасы (19,5 °C) ең жоғары.

«17 (VII) топ элементтері және оның қосылыстары» тақырыбынан тағы