Химия · ҰБТ сұрағы №14284

Құрамында 0,2 моль AlCl₃ бар ерітіндіге 0,7 моль NaOH қосылды. Реакция аяқталғанда тұнбада қалған Al(OH)₃ массасы қандай?

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 7,8 г

0,6 моль NaOH 0,2 моль Al(OH)₃ түзеді; қалған 0,1 моль NaOH 0,1 моль Al(OH)₃-ті Na[Al(OH)₄] түрінде ерітеді; 0,1·78 = 7,8 г.

«1(I), 2 (II), 3 (III) топ элементтері және оның қосылыстары» тақырыбынан тағы