Физика · ҰБТ сұрағы №15868

Радиусы 10 см оқшауланған өткізгіш шарға 10 нКл заряд берілген. Шар ұзын өткізгішпен алыста орналасқан радиусы 5 см зарядталмаған екінші шармен жалғанғаннан кейін олардың ортақ потенциалы (В; k = 9·10⁹ Н·м²/Кл²):

Дұрыс жауабы мен түсіндірмесі
Жауабы: 600

Потенциалдар теңескенде заряд радиустарға пропорционал бөлінеді: φ = kQ/(R₁ + R₂) = 9·10⁹·10⁻⁸/0,15 = 600 В.

«Электростатика» тақырыбынан тағы